Фаблаб зертханасы көбіне білім беру іс шараларында цифрлық өндіріс, микроконтроллерлерді бағдарламалау, робототехника, жобалық қызметтерге баса назар аударылады. Кітапханамыздағы зертханада ізденушілер 5 аймақта жұмыс жасайды.
- Фрезерлі ЧПУ аймақ;
- Лазерлі ЧПУ аймақ;
- 3D принтерлер аймағы;
- Электроника аймағы;
- Стримтекс.
Фрезерлі ЧПУ аймақ
Бір орында айналып тұрған бұрғыға(фрезерге) ағаш, темір секілді бұйымды баяулатып жақындату арқылы кесу немесе өңдеу әдісін Фрезерлеу дейміз. Өндіріске ең алғаш 18 ғасырдың соңында келді. Алғашқы болып американдық Эли Терри 18 ғасырда жерге қоятын ағаштан болған сағатты жасады.
Фрейзерлі ЧПУ станок ЧПУ деген «Числовое программное управление». Бұл станок материалды x, y және z осьтерінде жүре отырып өзі өңдейді. Станок негізінен ағашты өңдеуге арналған, бірақ сонымен қатар пластмасса және алюминийді өңдей алады. Қазіргі таңда сіздер бұл станокпен жасалған бұйымдардан көбіне жиһаздарды және ағаш есіктерді көресіздер. Зертханамызда үлкен көлемді және кіші көлемді фрезерлі станоктар қойылған. Үлкен фрезерлі станоктарда үлкен көлемді өнімдер, жиһаздар жасауға мүмкіндік бар, ал кіші станокта ықшамды бұйымдар жасай аламыз.
Лазерлі ЧПУ аймақ
Лазерлік станоктың жұмыс істеу принципі: CO2 (Көмірқышқыл газы) лазері бар станоктарда көміртек оксиді негізінде газ қоспасымен толтырылған арнайы түтікте сәуле пайда болады және айналар мен линзалар жүйесінің көмегімен жұмыс бетіне беріледі. Станоктың жұмысы кезінде лазерлік түтікше қатты қызады, сондықтан оны салқындату қажет. Ол үшін арнайы құрылғылар — салқындатқыштар (чиллерлер) қажет. . Лазерлік станоктың жұмысы үшін қажетті басқа құрылғы — бұл ауа сору мұржасы.
Фрезерлі станок секілді лазерлі станоктар да үлкен және кіші болып бөлінеді.
3D принтерлер аймағы
Фаблаб зертханасында 5 3D принтерлер жұмыс жасайды. Принтерлердің өзара ерекшелігі көлемі жағынан және де шикізат пайдалану жағынан айырмашылық бар. Бірі пластикпен жұмыс жасайды, келесі принтерді кез-келген жерге орналастырып жұмыс жасай беруге мүмкіндігі бар. Және де ол принтерлерден шығатын өнімнің көлеміне байланысты да айырмашылық көруге болады.
- Бірінші кезекте Ultimaker ол қарапайым технологиямен жұмыс жасайтын ультра нақты принтер және бұл принтер PLA материалын колданады.
- Екінші кезекте Picaso 3D осындағы ең үлкен 3д принтер. Оның артықшылығы үлкен размерінде ғана.
- Үшінші кезекте Flashforge Қазақстандағы ең көп тараған принтер болып табылады. Бұл принтердің сапасы өте жоғары деңгейде.
- Төртінші кезекте MakerBOT Sketch мобильді 3д принтері.
- Бесінші кезекте Formlabs ең ерекше принтердің бірі.
Электроника аймағы
Электроника аймағы ол қызметкерлер мен шеберлік сыныпқа қатысушылардың жұмыс аймағы. Зертхананың осы бөлігінде барлық компьютермен жасалатын жұмыстар, бағдарламаларға берілетін тапсырмалар орындалады.
Стримтекс
Аталмыш аймақта түрлі өнімдерге принт басумен айналысуға болады. Зертханада түрлі түсті және әр түрлі тығыздықтағы түрлі материалдар бар. Стримтекс аймағындағы құрылғылар
- Roland GS-24;
- Canon TM-200;
- Термопресс.
