Басты бет » Бизнес Қазақстанда » Балалар көркем әдебиеті

Барлық 4 нәтижелері көрсетіліп жатыр

Көрсету 9 12 18 24

Алпамыс батыр

Қазақ халық әдебиетінің ең маңызды аспектілерінің бірі – батырлар жырлары. Осы жерде туып-өскен Ер Тарғын, Қобыланды, Алпамыс және Кәмбар осы батырлардың ең әйгілілерінің қатарына жатады. Жастарды отаны туралы тәрбиелеу және оларға елді сүюді үйрету мақсатында білім беру бағдарламалары әзірленді.

Жұмбақ Гизем

Түрік жазушысы Нехир Айдын Гөкдуман - бала жанының нәзік қылын дөп басар ерекше қолтаңбасы қалыптасқан суреткер. Қазақ оқырманына алғаш жол тартқан "Жұмбақ Гизем" атты туындысымен енді ғана танысқан кез келген бала Гиземнің басынан өткен  хикаяларды қызыға оқитыны, сол оқиғалардың ішінде өзі де бірге жүргендей күй кешетіні анық. Бас кейіпкер Гизем - қиялы бай, арманшыл, білмекке құштар, көрмекке ынтық қыз. Оның осы аңғал да арманшыл мінезінен туындаған қиялы ойлары мен қызықты оқиғалар желісі жылы юмор аралас жеңіл тілмен тартымды баяндалады.

Күн астындағы Күнекей қыз

"Күн астындағы Күнекей қыз" кітабына халық арасында кең таралған бірнеше қиял-ғажайып ертегілер енгізіліп отыр. Ертегілердің кішкентай бүлдіршіндерге ғана емес, сондай-ақ ересектер үшін де керемет сыйлық болары анық.

Қиял-ғажайып ертегілер

"Қиял-ғажайып ертегілер" - көркем суретті қазақ халық ертегілерінің жинағы.