Белгілі кинодраматург және режиссер Ермек Тұрсыновтың «Мәмлүк» романы – автордың ерте орта ғасыр кезеңіндегі Таяу Шығыс елдерінің тарихын көп жылдық зерттеулерінің нәтижесі. Ислам мен араб әлемінің тағдыры талқыға түскен алмағайып сол заман — Бейбарыстың, Ұлы дала баласының жұлдызы жанған сәт еді.
Романның әрбір жолында інжілдегі қариялардың табаны тиген соқпақтармен, пайғамбарлардың, сенім жолында азапталып жанын қиған қасиетті әулиелердің жолымен жүріп өткен автордың іздері бар. Әрбір сөзде көне қолжазбалар мен қазіргі тарихшылар, теологтар, дін ғұламаларының еңбектерінде сақталған сонау заман тынысының жаңғырығы жатыр. Бұл дереккөздер жазушының аты аңызға айналған түркі ұлы туралы өзінің бірегей көзқарасын тұжырымдап, көркем бейнесін жасауына бағдар болды.
Әрине, роман ғылыми зерттеу жұмысы емес. Жазушы әдеби көркем құралдарды пайдалана отырып, басында еркі жоқ құлдан, қатардағы жауынгерден құдыреті тасыған билеуші мен жеңімпаз қолбасшыға дейінгі драмалық жолды басынан өткерген қаһарманның өмірбаяндық маңызды белестері мен тұлғалық қасиеттерін аса тапқырлықпен, психологиялық тұрғыдан нанымды түрде сомдайды.

Reviews
There are no reviews yet.