Түрік жазушысы Нехир Айдын Гөкдуман — бала жанының нәзік қылын дөп басар ерекше қолтаңбасы қалыптасқан суреткер. Қазақ оқырманына алғаш жол тартқан «Жұмбақ Гизем» атты туындысымен енді ғана танысқан кез келген бала Гиземнің басынан өткен хикаяларды қызыға оқитыны, сол оқиғалардың ішінде өзі де бірге жүргендей күй кешетіні анық. Бас кейіпкер Гизем — қиялы бай, арманшыл, білмекке құштар, көрмекке ынтық қыз. Оның осы аңғал да арманшыл мінезінен туындаған қиялы ойлары мен қызықты оқиғалар желісі жылы юмор аралас жеңіл тілмен тартымды баяндалады. Отбасындағы ортаншы бала несімен ерекшеленеді деген сұрақ төңірегіндегі ойлары мен іс-әрекеті, достарымен қарым-қатынасы қазақ баласына да етене жақын. Бұл хикаят — қаламгердің қалың оқырманын сүйсінткен үздік туындысы.
Жұмбақ Гизем
Түрік жазушысы Нехир Айдын Гөкдуман — бала жанының нәзік қылын дөп басар ерекше қолтаңбасы қалыптасқан суреткер. Қазақ оқырманына алғаш жол тартқан «Жұмбақ Гизем» атты туындысымен енді ғана танысқан кез келген бала Гиземнің басынан өткен хикаяларды қызыға оқитыны, сол оқиғалардың ішінде өзі де бірге жүргендей күй кешетіні анық. Бас кейіпкер Гизем — қиялы бай, арманшыл, білмекке құштар, көрмекке ынтық қыз. Оның осы аңғал да арманшыл мінезінен туындаған қиялы ойлары мен қызықты оқиғалар желісі жылы юмор аралас жеңіл тілмен тартымды баяндалады.
0
Адамдар қазір осы өнімді қарап отыр!
Сипаттама
Пікірлер (0)
“Жұмбақ Гизем”-ке алғашқы пікірді қалдырыңыз” Отменить ответ
Жеткізу және жеткізу

Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ.