Язык
Возраст
Формат

Жұмбақ Гизем

Түрік жазушысы Нехир Айдын Гөкдуман - бала жанының нәзік қылын дөп басар ерекше қолтаңбасы қалыптасқан суреткер. Қазақ оқырманына алғаш жол тартқан "Жұмбақ Гизем" атты туындысымен енді ғана танысқан кез келген бала Гиземнің басынан өткен  хикаяларды қызыға оқитыны, сол оқиғалардың ішінде өзі де бірге жүргендей күй кешетіні анық. Бас кейіпкер Гизем - қиялы бай, арманшыл, білмекке құштар, көрмекке ынтық қыз. Оның осы аңғал да арманшыл мінезінен туындаған қиялы ойлары мен қызықты оқиғалар желісі жылы юмор аралас жеңіл тілмен тартымды баяндалады.

Күн астындағы Күнекей қыз

"Күн астындағы Күнекей қыз" кітабына халық арасында кең таралған бірнеше қиял-ғажайып ертегілер енгізіліп отыр. Ертегілердің кішкентай бүлдіршіндерге ғана емес, сондай-ақ ересектер үшін де керемет сыйлық болары анық.

Алпамыс батыр

Қазақ халқының бай ауыз әдебиетінің үлкен бір саласы - батырлар жыры. Туған жері мен елін шын сүйген, оны көзінің қарашығындай қорғаған Ер Тарғын, Қобыланды, Алпамыс, Қамбар есімдері ел есінде мәңгі сақтаулы. Жас ұрпақты отансүйгіштікке, елі мен жерін қорғауға тәрбиелеу мақсатында оқу бағдарламаларына эпостық жырлар енгізілген.

Қиял-ғажайып ертегілер

"Қиял-ғажайып ертегілер" - көркем суретті қазақ халық ертегілерінің жинағы.

«Алтын кілт»

«Золотой ключик» — сказочная повесть Джорджа Макдональда, написанная в 1868 году. Главный герой, мальчик по имени Кейт, находит загадочный золотой ключ, который открывает дверь в волшебный мир. В этом мире Кейт сталкивается с множеством чудесных существ и переживает удивительные приключения. В произведении автор затрагивает важные философские темы, такие как различие между добром и злом, поиск истины и человеческое предназначение. Через магические события и встречи с необычными персонажами Макдональд исследует идеи о верности, отваге, доброте и справедливости. «Золотой ключик» — это не только увлекательная сказка, но и глубокая моральная история, которая учит ценить внутреннюю силу, стремиться к свету и добру. Книга будет интересна как детям, так и взрослым, благодаря своим универсальным темам и богатому символизму.